Баянаульский
аграрно-технический колледж
Справки по телефону 8(71840)9-25-10
Библиотека

Баянауыл аграрлық-техникалық колледжінің кітапханасы бас корпусының екінші қабатындағы оң қапталында орналасқан. Аумағы 132,88 кв.м. Кітапхана 3  кабинеттен тұрады: оқу залы, әдеби кітаптар және мамандық бойынша кітаптарға арналған кабинеттен. Кітапхана үш компьютермен, 7 стендпен және талапқа сай сөрелермен жабдықталған.

     Жалпы кітапхана қоры  9104 дана, оның ішінде жалпы оқулықтар саны 5777 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 4341 дана. Мамандықтар бойынша оқулықтар саны 2785 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 2712 дана оқулық. 2016-2017 оқу жылында келіп түскен оқулықтар саны 1339 дана, оқу-әдістемелік кітаптар саны 322 дана, әдеби кітаптар саны 1248 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 928 дана, электронды оқулықтар 288 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 280 дана.

       Кітапхананың оқу залы 12 орын адамға қамтылған.Оқырмандар саны 192, келушілер саны 1 жылға шаққанда 2923 адамды құрайды. Кітапхана жыл сайын 16 түрлі газет пен журналдар басылымына жазылады.Сондай-ақ оқытушыларға көмек ретінде қосымша әдістемелік газет-журналдар бар.    

       Жыл сайын мамандықтар бойынша жаңа кітаптарға тапсырыс беріліп, толықтырылып отырады. Атап айтсақ,  2016-2017 оқу жылында кітапханамыз 1502 дана кітапқа: 558 дана мамандықтар бойынша оқулықтар, 125 дана электронды оқулықтар, 7 дана әдістемелік кітаптар, 812 дана жалпы білім беру кітаптары мен оқулықтарға толықтырылды.

Кітапханада түрлі мерекелер мен атаулы күндерге орай, кітап көрмелері мен тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер және т.с.с іс-шаралар өтіп тұрады.

        Атап айтсақ 2017-2018 лқу жылында Елбасы күніне орай, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолынан көрме ұйымдастырылды.

       Жоспар бойынша аудандық мектеп бітіруші түлектеріне арналған ашық есік күндері өткізіліп, колледж ғимаратымен таныстырылып отырады.

       Бүгінгі күні «Бастауыш білім беру», «Мектепке дейінгі білім беру», «Орман шаруашылығы», «Туризм» мамандықтарын ашу мақсатында қажетті оқулықтар мен жалпы білім беру кітаптарына тапсырыс беру жоспарда.

Әр бейсенбі күндері әдістемелік күн болып саналып, кітапхана ішінде кітаптар мен кітап сөрелерін реттеу, тазалық жұмыстары іске асырылады.