Баянаульский
аграрно-технический колледж
Справки по телефону 8(71840)9-25-10
Приглашаем Вас в наш колледж
27-04-2015 10:46

Мектеп бітіруші талапкер!

 

Сарыарқаның кіндігі болған киелі Баянауыл өңірімен ынтымақтастықтың көпірін салу мақсатында «Жас Талапкер!» Сіздерді Тәуелсіз еліміздің ертеңі -  «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға шақырамыз!

«Баянауыл аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК «Серпін» бағдарламасымен жаңа 2017-2018 оқу жылында алғашқы рет жұмыс жасағалы отыр.  Бағдарлама аясында 11 сынып негізінде білім алушыларды «Фермер шаруашылығы» мамандығы, біліктілігі «Ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист» бойынша оқуға қабылдайды. Оқу тегін, оқуға түсу конкурссыз негізде, оқу мерзімі - 10 ай және  оқу – қазақ тілінде. Тегін жатақханамен және 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Сонымен қоса, студенттерге шәкіртақы тағайындалған. Жылына 2 рет жол ақысы және 10 айлық мерзім кезінде білім алушыға 70 000 теңге көлемінде қысқы киім алуға ақшалай  көмек беріледі.