Баянаульский
аграрно-технический колледж
Справки по телефону 8(71840)9-25-10
Біздің жігіттер ерледі
25-02-2019 15:44
Біздің жігіттер ерледі

Ақпан айының 21-і күні Ертіс агарарлық-техникалық колледжінің 80 жылдығына орай «Жастар жылы» аясында колледждер арасында Халықаралық баскетбол турнирі болды. Аталмыш турнирге көршілес Ресей Федерациясы Омбы облысы Русская-поляна аграрлық техникумымен қатар жалпы 12 колледж студенттері қатысты.

Жарыстың мақсаты: «Салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың үнемі спортқа деген қызығушылығын оятып, құлшынысын арттырып, дені сау ұрпақ тәрбиелеу».

Жарыс барысында Ертіс агарарлық-техникалық колледжінің басшысы Беспаев Жанат Нұрашұлы құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Баянауыл аграрлық-техникалық колледжі басшысының міндетін атқарушы Төлеубеков Ерқанат Мүбәракұлының арнайы алғыс хаты мен сыйлығын колледжіміздің дене тәрбиесі пәні оқытушы Искаков Ерқанат Бөкенбайұлы оқып, қолына табыстады.

Жарыс қорытындысы бойынша Омбы қаласы Руская-поляна аграрлық техникумы бірінші орынды қанжығасын байласа, Ертіс агарарлық-техникалық колледжі екінші орынға тұрақтап, Баянауыл аграрлық-техникалық колледжі үшінші орынды місе тұтты. Жеңімпаздарымыз арнайы диплом, мадақтама,  алғыс хат сыйлықтармен марапатталды. Жеңісті күндеріміз көп болғай!

 

Е.О.Жакенов