Баянаульский
аграрно-технический колледж
Справки по телефону 8(71840)9-25-10
«Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік»
06-03-2019 15:38
«Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік»

      Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің 2019 жылдың 1-тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, осы аптада Баянауыл ауданы аумағында «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» атты акция өтті.

         Акцияның мақсаты: жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдың алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының әкімшілік пен қылмыстық, қылмыстық процессуалдық Кодекстерін меңгерту, жол ережесін, өрт қауіпсіздігін қадағалау және мінез құлқы ауыр, жағдайы төмен жайсыз отбасындағы жасөспірімдермен профилактикалық жұмыс жүргізу болып табылады.

         Осы мақсатты алға ұстана отырып, Баянауыл ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Серік Апбасов бастаған топ, оның ішінде учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды полиция тобының инспекторлары, полиция лейтенанты Мадина Серікбай, полиция аға лейтенанты Дидар Нығмет және төтенше жаңдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау майоры Орман Түсіпов, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия хатшысы Мерей Игубаева, мүдделі мемлекеттік органдар: прокуратура, білім беру, «Баянтау» редакциясы, «Нұр Отан» партиясы, «Жас Отан» жастар қанаты филиалының қатысуымен Баянауыл ауданы мектептерінде, Баянауыл аграрлық-техникалық колледжінде кездесулер өткізіліп, профилактикалық әңгіме сұхбаттар жүргізілді. Қылмыстық пен құқық бұзушылықтың, өрт қауіпсіздігінің алдың алу мақсатында Баянауыл ауданы полиция бөлімінде тұрған жасөспірімдердің, кәмелет жасқа толмаған жасөспірім тәрбиелеп отырған жайсыз отбасылардың тұрғылықты жерлеріне рейдтер жүргізілді.

 

М.Серікбай,

Баянауыл ауданы ПБ ЖПҚБ

ювеналды полиция тобының учаскелік

полиция инспекторы, полиция лейтенанты.