Баянаульский
аграрно-технический колледж
Справки по телефону 8(71840)9-25-10
«Таңдау өзіңде, біз сіздің кәсіпқой болуыңызға көмектесеміз!»
03-01-2019 15:08
«Таңдау өзіңде, біз сіздің кәсіпқой болуыңызға көмектесеміз!»

«Таңдау өзіңде, біз сіздің кәсіпқой болуыңызға көмектесеміз!»

 

Мектеп бітіруші, Жас түлек!

                                                                         Күтем сені асыға,

                                                                  Баянауыл колледж қасында!

 

«2019 жыл – Жастар жылы. Бұл-мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты  қолдауға бағытталған маңызды қадам. Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын-біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз» - деп, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде  жарияланғанын білесіздер.

Бүгінгі күні өміріміздің барлық саласында соның ішінде білім беруде елеулі өзгерістер болып жатқаны бәрімізге аян. Көз алдымызда цифрлы қоғамы мен білім экономикасы бар жаңа жаһандық өркениет туып келеді. Есілдің жағасында еңселі елордамыз – Астана бой көтеріп,  күннен күнге өсіп келеді. Егемен еліміздің болашағы болған жастарға келешекте үлкен үміт артылып отыр. Осындай үмітті ақтау барысында Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Ағымдағы жыл жастар жылы болып жарияланғандықтан, жастардың мәселелерін шешу, жас адамдардың бәсекелік қабілеттерін дамыту өзекті мәселе болып отыр. Жастар жылында жас қазақстандықтардың маңызды қажеттіліктерін қамтамасыз ету барысында ең алдымен қолжетімді және сапалы білім  алу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Бүгінгі күні жастардың  9 пайызы білім беру және еңбек қызметіне тартылмаған. Оның себебі неде деген үлкен сұрақ тұрады?! Жастардың осы санатының жыл сайын қысқаруына ықпал ететін тиімді шараларды қабылдау қажет екен. Тиімді шаралардың бірі бүгінгі күні аудан орталығында орналасқан Баянауыл аграрлық-техникалық колледжі. Ауданның 9-11 сынып оқушыларын төмендегі мамандықтар бойынша оқуға шақырады. 9 сынып негізінде екі мамандық: 1) «Фермер шаруашылығы», біліктілігі «Ауылшаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист» оқу мерзімі – 2 жыл, 10 ай; 2) «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде» қабылданатын мамандық «Тамақтандыруды ұйымдастыру», жұмысшы біліктілігі: «Аспаз», «Даяшы», сонымен қоса орта буын «Қызмет көрсетуші менеджері» біліктілігін алып шығады. Оқу мерзімі 3 жыл 10 ай.  11 сынып негізінде «Фермер шаруашылығы» мамандығы, біліктілігі «Бухгалтер» оқу мерзімі – 10 ай.

Бірде Елбасы Жолдауында айтқандай, «талмай еңбектеніп, техника тілін меңгерген адам озады». Жасыратыны жоқ, кейбір жастар техникалық мамандықтарға барудан қашқақтайды. Ал түсінген адам үшін мұндай мамандық кәсіптің төресі дер едім.  Себебі, инновация саласында бәсекеге қабілетті болу үшін де техникалық мамандықты игерудің маңызы зор. Сол үшін алдына үлкен мақсат қойып, биікке ұмтылатын әр адам ең алдымен осы саланы жетік меңгеруі тиіс. Бұл -  бүгінгі күннің талабы. Елімізде техникалық мамандықтардың тегін оқытылуы қай –қайсымыз үшін де жағымды жаңалық. Егер осы мүмкіндікті пайдаланып, жастар тегін техникалық мамандық  оқып  алса, болашағы жарқын болары сөзсіз.

Мемлекет еліміздің тірегі – жастар мәселесіне жете мән бергендігін аса маңызды деп санаймыз.

 Оқу және жатақханада тұру тегін. Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын барлық студенттерге оқу үлгеріміне сәйкес, шәкіртақы беріледі, ал «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде» қабылданған студентер Барлық бірінші курс студенттеріне қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында шәкіртақы беріледі. Сонымен қатар бірінші жарты жылдық  және оқу жылы қорытындысы бойынша жақсы бағамен аяқтаған студенттерге (оқу үлгерімі бойынша) шәкіртақы төленеді және жылына екі мезгіл жолақысы да беріледі.

Сіз біздің колледжде нарық экономикасына қажетті мамандықтар бойынша сапалы білім және саналы тәрбие алуға жаңадан шығарылған дербес компьютерлерде интернетте жұмыс істеуге мүмкіндік аласыз.

                                              

Баянауыл аграрлық-техникалық

колледжінің оқытушысы     Балабаева Г.С.