Баянаульский
аграрно-технический колледж
Справки по телефону 8(71840)9-25-10
«Үздік кәсіп иесі»
25-02-2019 12:06

Баянауыл аграрлық-техникалық колледжінде «Үздік кәсіп иесі» атты колледжішілік сайыс өтті. Сайыстың мақсаты – студенттердің кәсіптік дайындығының сапасын, олардың шеберлігін анықтау, жұмысшы мамандықтарды кеңінен насихаттау, осы мамандықтардың беделін жоғарылату. Сайысқа төрт топ қатысты. Атап айтсақ, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы, «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы, «Пісіру ісі» мамандығы, «Жөндеуші-дәнекерлеуші» және «Бухгалтер» мамандығы. Сайыстың бағдарламасы төрт кезеңнен тұрды. «Таныстыру», «Үй жұмысы», «Викторина» және «Презентация». Әділқазы алқалары ретінде колледж басшысының міндетін атқарушы Ерқанат Төлеубеков, оқу ісінің меңгерушісі Наталья Масакбаева, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хорлан Альпаттина, өндірістік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Ерхат Мусин тағайындалды және «Баянтау» редакциясының тілшісі Мұсабек Сейсенбекұлы шақырылды.

          Осы төрт топ ақтық сынға өтіп, өзара жеңімпаздар анықталды. Сайыс нәтижесінде ұпай сандары бойынша I орынға қол жеткізген «Жөндеуші-дәнекерлеуші» және «Бухгалтер» мамандығы сайыс жеңімпазы болды. «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы, «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы II орынды өзара бөлісіп,  «Пісіру ісі» мамандығы III орынға тұрақтады. Аталған іс-шараның жеңімпаздары арнайы кубок, мадақтама қағаздары мен бағалы сыйлықтарға ие болды.