Баянаульский
аграрно-технический колледж
Справки по телефону 8(71840)9-25-10
«Арайлы алтын күз – 2018»
19-10-2018 12:05

Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз - жазық даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлық, молшылық, достық және татулық. Табиғат – күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. 

Жылдағы әдеттегідей күзгі балға арналған«Арайлы алтын күз-2018» атты колледж студенттері арасында сайыс өтті.

 

Сайыс 5 кезеңнен тұрды:

1-кезең:«Кел танысайық»  (таныстыру эмблема)

2-кезең: «Кім ойға жүйрік» (1. Сұрақ-жауап, 2. Мақал-мәтел жалғасын табу, 3. Жұмбақ шешу)

3-кезең:«Өнерің өрге жүзсін»  Өз өнерлерін көрсету. (ән, би т.б.)

4-кезең:«Сән үлгісі»(күзгі сән үлгілерін көрсету)

5-кезең:«Күзгі сыйы» (өз қолдарымен жасап әкелген күзгі өнімдерден бұйымдарды қорғау)

Білім алушы шәкірттеріміз өз өнерлерін, ой ұшқырлығын ұстаздар алдында барын салуға тырысып бақты.

Сайыстың қорытындысы, әділқазылардың шешімі бойынша «ТҰ-21» тобы I орын, «Бух-31» тобы II орын, «ТҰ-11» тобы III орын және «ГЭД – 21» тобы көрермендер көзайымы номинациясы бойынша мадақтама, арнайы сыйлықтармен марапатталды.