Баянаульский
аграрно-технический колледж
Справки по телефону 8(71840)9-25-10
«Бір шаңырақ астында»
10-12-2018 11:28
«Бір шаңырақ астында»

«Бір шаңырақ астында»

Желтоқсан айының 7-сі күні С.Торайғыров атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығы мен Астананың 20 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған «Бір шаңырақ астында» атты III аудандық фестивалі өтті. Аталмыш фестивальге ауданымыздың әр мекеме ұжымдары белсене қатысты. Фестиваль қорытындысы шығардан бұрын Баянауыл аграрлық-техникалық колледж ұжымы концерттік бағдарламаларын дүйім жұртқа ұсынып, көптің көңілінен шықты. Әсіресе колледж ұжымы сахна төрінде қойылымдарымен ерекшелене білді. Бас қаланың алғашқы құрылыс жұмыстары қалай басталып, ғимараттардың алғашқы кірпіші қалай қаланғандығы жөнінде сахналап, кешегі сенімсіздікті, бас қаланың бой көтеруіне деген күмәнді сейілтті. Сондай-ақ оқу ордасының білімді шәкірттері әр жанрда өз өнерлерін көрермендерге паш етті. Сонымен баянауылдықтарды ән мен жырға сусындатып, әдемі бимен еліткен аудандық үшінші фестиваль өз мәресіне де келіп жетті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығы мен Астананың 20 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған «Бір шаңырақ астында» атты III аудандық фестиваліне жоғары деңгейде белсене қатысып, ауданымыздың өнер саласына өз үлестерін қосқаны үшін Баянауыл аграрлық-техникалық колледж ұжымы «Сегіз қырлы, бір сырлы» номинациясы бойынша дипломмен және алғыс хаттармен марапатталды.