Баянаульский
аграрно-технический колледж
Справки по телефону 8(71840)9-25-10
«Көңілді старт»
09-11-2018 11:26
«Көңілді старт»

«Көңілді старт»

Қараша айында«Салауатты өмір салтын насихаттау» аясында спорттық ойындарға орай ұйымдастырылған коледжішілік  «Көңілді старт» сайысы өтті. Бұл сайысқа колледж ұстаздары мен студенттері қатысты. «Көңілді старт» сайысының бағдарламасымен колледжіміздің дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы  Искаков Ерғанат Бөкенбайұлы таныстырып, қатысушыларымызға сәттілік тіледі. 10 кезеңнен тұратын  бұл сайыс көңілді әрі қызықты болды. Сайысқа қатысушыларымыз шынығып, бір серпіліп қалды.  Сайыс соңында әділқазылардың шешімі бойынша «ГЭД-21» тобы I орынды иеленсе, «Бух-31» тобы II орынға тұрақтап, «ТҰ11» тобы III орынды қанағат тұтты. Сайысқа қатысушыларымыз арнайы тағайындалған мадақтама, сыйлықтармен марапатталды.